Нұротандықтар Президенттің шешімін қолдап, жұдырық боп жұмылуға шақырады

Автор: Azattyq Rýhy

Қызылорда облысында бүлікшілер әкімдік пен Nur Otan ғимараттарын өртеп жіберген

Қызылордадағы нұротандықтар ел үшін алаңдаулы. Бұл уақытша қиындықты бәріміз бірге жеңеміз дейді олар. Болашаққа сенім мол, сондықтан тұрғындарды бірігіп әрекет етуге, Президенттің шешімін қолдап, жұдырық боп жұмылуға шақырады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өзімізбен қолдау білдіріп, елмен бірге барлық қиындықтарды, бір кісідей көтеретініміз сөзсіз. Жерлестеріміз біздің күшіміз бірлікте екендігін көрсетуде және болашаққа сеніммен қарап отыр» - деді «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйла Төрешова.