$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2021, 02:26
Қоғам

Еліміздің диқандары астық алқабын кеңейтуді сұрап отыр

Үкімет биыл диқандарға астық егуге 2018 жылға қарағанда екі миллион гектардай аз жер берген

Еліміздің диқандары астық алқабын кеңейтуді сұрап отыр
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық диқандар астық алқабын кеңейтуді сұрап отыр. Олар үш жыл бұрын болған 15 миллион гектардай жер қайтарылсын дейді. Алқап көлемі кеңейсе, көп өнім алатынына, ұн мен нанның қазіргідей қымбаттамайтынына сенімді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Үкімет биыл диқандарға астық егуге 2018 жылға қарағанда екі миллион гектардай аз жер берген.

Қазақстанның астық одағы да министрлер кабинетінің диқандарды қолдамайтынына налыды. Одақтың сарапшылары шаруаларды арзандатылған жанар-жағармаймен қамтып, қолдауға берілетін несиені арттыру керек деген пікірде. Әйтпесе ел нарығын Ресейдің арзан бидайы жаулап, қазақстандық диқандар құрдымға кетуі мүмкін. 

Баға қымбаттап екі жылдан бері коронавирус пандемиясынан қиналып келген диқан болсын, астық саласындағы  кәсіпкер болсын, биылғы құрғақшылықтан есеңгіреп қалды. Бірақ Үкімет қарап қалмай несие, тұрақтандыру қорынан қажеттіні беріп қарық қылып отыр.

Ұн мен нан бағасы аспандап кетпесі үшін Қазақстан астық одағы көктемгі егіске қазірден бастап білек сыбана кірісу керек дейді. Үкіметтен шаруаларды қолдауға бөлінетін несие сомасын көбейтіп, арзан жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен қамту қажет. Қымбатшылық дендеп тұрғанда атқарушы биліктің асықпайтынына сарапшылар ашулы. Істі уақытында жүйелемесек, алдағы егіс науқаны аса қиын болмақ. Шығын одан сайын көбейеді.

«Минералды тыңайтқыштардың шығыны екі есе, өсімдіктерді қорғайтын заттар  30-дан 80 пайызға дейін, тұқымдар 50-70 пайызға дейін өсті. Энергетика министрлігінің ресми дерегіне сәйкес, дизель отынының шығыны 46 пайызға дейін артты. Ауылшаруашылығы техникалары, су, жылу бәрі қымбаттады. Тиісінше бидай өңдеу екі есе қымбаттады. Ауылшаруашылығы министрлігі бәрінен хабардар. Мәселені шешуге уәде берген. Егер шешпесе, диқандарға тықыр таяйды», - деді Қазақстан астық одағының сарапшысы Евгений Карабанов.

Үкімет 2018 жылы астыққа деп диқандарға 14,8 миллион гектар жер берген. Бір жылдан кейін оны 3,4 миллион гектарға қысқартқан. Биыл соңғысына 1,3 миллион жер қайта қосып беріпті. Сарапшылар ұн мен нан бағасын тұрақтандыруға күш салатын шенеуніктердің ісін аса құптамайды. Керісінше елдегі кедейшілікпен күресу қажет дейді. Тұрақтандыруға кеткен қаржы аз қамтылған отбасының жағдайын жақсартатына сенімді. Ал астық егетін шаруалардың күйі әзірге қаз-қалпында.

Энергетика министрлігі арзандатылған жанар-жағармайдың көлемін тек ақпан айында айтады. Көктемгі егіс жұмыстарын несиелеуге бөлінетін қаржы туралы айтар болсақ, ол өзгермейді. Тоқаев тапсырған көлем 70 миллиард теңгемен қалады. Негізінен фермерлерге берілетін несиенің көлемін арттыру Үкімет құзырында. Атқарушы билік тарапынан несиелеу сомасын көбейту талқыланған да жоқ.



 

Серіктес жаңалықтары