Қала тұрғындары арасында танымал ашық алаңдарда мұз сырғанақтары қойылып, мұз айдындары төселді
Елорда көшелері жаңа жылдың басты атрибуттары – шыршалар, сыйлықтар, жаңа жылдық ойыншықтар және гирляндалармен безендірілді. Қаланың түрлі жерлерінде тұрғындардың белсенді қысқы демалысын түрлендіретін сырғанақтар мен мұз айдындары пайда болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қала тұрғындары арасында танымал ашық алаңдарда мұз сырғанақтары қойылып, мұз айдындары төселді, бұл жерлерде кез келген адам сырғанап, тюбингтер мен конькилерді жалға ала алады. Мұнда сіз ыстық шай немесе кофе ішіп жылына аласыз.
«Мен қысқы ойын-сауыққа арналған ойын-сауық қызметтерімен айналысамын. Негізінен біз төбешіктер мен сырғанауға арналған мұз айдындарын саламыз. Мұның барлығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары үшін жасалуда. Биыл бізде алты бұрышты сырғанайтын төбешік бар, сонымен қатар мұз айдыны мен бублик кросс болады. Мұнда қауіпсіздік техникасын қадағалайтын еріктілер жұмыс істейді», - деді инвестор Марат Садығалиев.
Биыл еліміздің басты жаңа жылдық шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағында «Нұр әлем» павильонының жанында орналасқан.
«Бұл Нұр-Сұлтан қаласының ең биік жаңа жылдық шыршасы, оның биіктігі 25 метр, диаметрі 10,1 метр және құрылымның салмағы 4048 кг. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы болғандықтан, біз туымыздың түстерінен шабыт алдық-бұл көгілдір және жылы-ақ түс», - деді дизайнер Дарья Сафонова.
Айта кету керек, тек Есіл ауданының аумағында ғана 4 жаңа жылдық шырша орнатылды: бастысы – ЭКСПО аумағында, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда, Достық көшесіндегі «Керуен» СОО жанында, сондай-ақ Ұлы Дала және Ақмешіт көшелерінің қиылысында. Сонымен қатар, шыршалар демеушілер есебінен және басқа жерлерде орнатылады.
Ауданда барлығы 10 орын – қысқы демалыстың тартылыс орындар жайластырылған. Олардың ішінде:
Байқоңыр ауданының аумағында осы жылы 5 мұз қалашығы жайластырылады, онда жаңа жылдық шыршалар, мұз айдындары, төбешіктер мен шағын сәулет нысандарын орнату көзделген.
«Жастар» сарайының аумағында ауданы 400 шаршы метрге жуық мұз айдыны, жасөспірімдер үшін биіктігі 6 метр болатын төбешік жабдықталуда. Қалада биіктігі 15 метр болатын жаңа жылдық шырша орнатылады, оның жанында Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ Санта үйі болады. Субұрқақтар да жаңа жылдық киімдерін киеді. Аумақта конькилер мен тюбингтерді жалға беру пунктері, сондай-ақ фудкорт жұмыс істейді. Ж. Тәшенев көшесіндегі Ататүрік атындағы саябақ 2 төбешікпен жабдықталуда. Саябақта биіктігі 18 метр болатын жаңа жылдық шырша, «Снеговик» МАФ, Аяз Ата мен Ақшақардың бейнелері және т. б. орнатылған.
Бұдан басқа, жаңа жылдық кейіпкерлердің мүсіндері мен шыршалары Абай даңғылындағы «Жазушылар» гүлзарында, Өндіріс, Кирпичный, Казгородок тұрғын алаптарында орнатылады.
Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін ауданда орналасқан мектептер (№5 гимназия, №27, 34, 8, 87 ОМ) мен Кемеңгерұлы көшесі, 8, Жұбанов көшесі, 3 аулаларының аумағында 7 мұз айдыны құйылады.
Алматы ауданында «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда, Президенттік саябақтың Байтұрсынов көшесі жағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында, Триатлон паркте, Сарайшық шағын ауданында,Қошқарбав көшесі, 80 тұрғын үйлерінің аумағында, Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар тұрғын алаптарында орналасқан тұрғын үйлер ауданында таза ауада белсенді қысқы демалысты өткізуге және мұз төбешігінен сырғанауға болады.
Бұл қысқы демалыс алаңдарында тюбингтер мен конькилерді жалға беру ұйымдастырылады екен.
Сонымен қатар, инвестордың қаражаты есебінен «Жерұйық» саябағында төбешік пен мұз айдыны жайластырылды.
Сарыарқа ауданында да белсенді демалыс өткізуге болады, мысалы, Есіл өзенінің жағасында Кенесары хан ескерткішінен «Серуен» көпіріне дейін 2 құламадан 5 төбешік, Бейбітшілік көшесі, 11, 189 – шы көшедегі Көктал саядағында, сондай-ақ Қосшығұлұлы мен Бейсеков көшелерінің қиылысында тағы бес төбешік орнатылды. Жақын арада Оқжетпес пен А.Герцен көшелерінің қиылысында төбешік, ал «Демалыс променад» аумағында мұз айдыны пайда болады.
Бұл орындар сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Осындай құрылымдар мен құрылыстар елорданың барлық аудандарында орнатылған. Қаланы сондай-ақ жаңа жылдың басталғаны туралы хабарлайтын сыйлық, сағат түріндегі кішігірім архитектуралық пішіндер, гирляндалар және т.б. безендіріп тұр. Түнгі уақытта шамдар жанған кезде жаңа жылдық безендіру қалаға ерекше ертегі көрінісін береді.