$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.12.2021, 12:09
Қоғам

Қостанайда жаңа жылдан бастап мектептегі ыстық тамақ бағасы көтерілмек

Бұған азық-түлік бағасының қымбаттауы себеп

Қостанайда жаңа жылдан бастап мектептегі ыстық тамақ бағасы көтерілмек
Фото ашық дереккөзден

Қостанайда ыстық тамақтың бағасын көтеру мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұның негізгі себебі – нарықтағы қымбатшылықпен байланысты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қостанай қалалық білім бөліміндегілердің айтуынша, ата-аналар бағаның өсуіне қатысты әзірге ешқандай наразылық білдірмеген.

«Қостанай қаласы мектептерінің асханаларында тағам дайындауда қолданылатын картоп, ұн, қант, жұмыртқа, ет, өсімдік майы және басқа да өнімдер қымбаттап кетті. Сондықтан біз жаңа жылдан бастап ыстық тамақ қымбаттайтынын хабарлап жатырмыз», — дейді Қостанай қалалық білім бөлімінің сектор басшысы Татьяна Степанова.

Ыстық тамақ бағасы биыл сәуір айында ғана қымбаттаған еді. Ол кезде оқушының түскі асына бірден 60 теңге қосылды. 260 теңгенің орнына ата-аналар 320 теңге төлей бастады.

Мектептерде тамақтандыру ісімен көптен айналысып келе жатқан Лариса Хоменко бағаның өсуіне азық-түліктің ғана қымбатшылығы себеп емес екенін айтады.

«Әрине, өнімдердің бағасы шарықтап барады. Содан кейін осы мәселенің тағы бір себебі – көлік шығындары, яғни өнімді жеткізуге көп ақша жұмсаймыз. Комммуналдық қызметтер, жалдау ақысы, еңбекақыны көбейту сияқты басқа да факторлар бар», – дейді кәсіпкер.

Түскі астың бағасы енді бекітіледі. Бірақ білім мекемелері өсім бес-жеті пайыздан аспайды деп отыр.

Айта кетейік, еліміздің кейбір өңірлерінде бастауыш буын оқушылары бюджет қаражаты есебінен ыстық тамақ алады. Қостанай облысында әзірге мұндай мәселе қарастырылмаған.

Серіктес жаңалықтары