Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Агенттік қызметкерлері тергеу сотында Хаменованы екі ай қамауға алу туралы өтініш бермек

Фото ашық дереккөзден

Күні кеше, яғни 10 желтоқсанда пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жауап алудан соң уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл істің қазіргі мән-жайы туралы жергілікті «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Басылым келтірген деректерге сүйенсек, Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасауға 4 млн 500 мың теңге көлеміндегі пара алған.

Абай ескерткішін орнату туралы былтыр екі рет ұсыныс айтылған: бірінші рет облыстық мәслихат сессиясында, кейін ұлы ақынның 175 жылдығын тойлау аясында. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен депутаттар идеяны қолдап, содан кейін тендерге дайындық басталған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт сомасы 150 мың теңге, мәдениет басқармасы алғашқы траншты өткізіп үлгеріпті.

Басылым мәліметіне сәйкес, ертең сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тергеу сотында Хаменованы екі ай қамауға алу туралы өтініш бермек.