Газ саласы өндірістегі қауіпсіздікке цифрлы технологиялар енгізуде

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ-ге қарсы вакцина алған жұмысшылардың жалпы саны 96% асады

Шымкентте өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қызметкерлерді оқыту және әкімшілік-өндірістік бақылауды жүргізу сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз «ҰК» АҚ құрамына кіреді – авт.) бас директорының бірінші орынбасары Бақтияр Ізбасаровтың төрағалығымен өткен кеңеске компанияның өндірістік филиалдарының бас инженерлері, сондай-ақ еңбекті қорғау, қоршаған орта және әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша барлық жауапты тұлғалар жиналды.

«Жиналғандардың назарына ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес меншікті оқу-курстық комбинатының базасында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру, оқыту бағдарламаларының нысандары мен түрлері туралы, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту қорытындылары бойынша білімді тексеру рәсімі туралы ақпарат ұсынылды. Емтихан тестілеріне сараптама жүргізу шеңберінде компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау тақырыбына қатысты 30 минуттық тестілеуден өтті. Барлық 40 сұрақтың валидтілік пен сенімділікке құрылғаны расталған», - делінген хабарламада.

Бұдан әрі кеңеске қатысушыларға «Мобильді қосымшаны пайдалана отырып оқыту» үшін Android және IOS платформаларындағы жаңа мобильді қосымша таныстырылды. Аталған қосымшаларды енгізу оқу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беріп, қызметкер үшін қолжетімділікті және оқытудың ыңғайлы кестесін қамтамасыз етіп, қаражат үнемдейді.

Кеңестің екінші күні еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты ұйымдастыру жағдайы бойынша баяндамалар тыңдалды, онда өндірістік қызметте қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың басымдығы талқыланды.

«Еңбек заңнамасын сақтау мақсатында компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылды, оның қызметі жұмыс берушінің, қызметкерлердің, компания қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулығын сақтау саласындағы бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

Компанияның барлық өндірістік филиалдары қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша қызметті ерікті декларациялаудан өтті және еңбек заңнамасының талаптарын сақтай отырып, еңбекті қорғау саласындағы жүйелі табысты жұмысты растайтын «Сенім сертификатының» иегерлері болып табылады», - деп атап өтті компания өкілдері.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да кәсіптік аурумен ауыруы мүмкін деген күдікке ілінген тұлғалардың саны нөлдік пайызға жеткен.

Жиналыс барысында басқа да бірқатар маңызды тақырыптар, соның ішінде коронавирустық инфекция пандемиясы талқыланды. Сондай-ақ, барлық өндірістік филиалдарда бірқатар арнайы қауіпсіздік шаралары қабылданды. Аталған мәжбүрлі шаралар газ жүргізушілерге елдің барлық маңызды газ магистральдары бойынша газды қауіпсіз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге, барлық өндірістік жоспарлар мен стратегиялық міндеттерді орындауға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда вакцинацияланған қызметкерлердің саны 7 615 адамды немесе жалпы санның 96,3% құрайды.

Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына: барлық қызметкерлердің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша әкімшілік-өндірістік бақылауды күшейту, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерін еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту және қайта оқыту процесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету тапсырылды.