Қарағандыдағы Октябрь ауданының аты қазақшаланды

Azattyq Rýhy

Бұл мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау биыл наурыз айында өткен болатын

Inform.kz

Қарағандыдағы Октябрь ауданының атауына Әлихан Бөкейхановтың есімі ресми берілді. Бұл хабарды Қазақ радиосының директоры Дулат Абибуллаев өзінің Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жаңа ғана Қарағанды облыстық әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі қабылданды. Енді шешімді Әділет басқармасына тіркеу ғана қалды», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беруге қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Оған 685 тұрғын қатысып, өз пікірін білдірді. Аталған мәселе бойынша нормативтік-құқықтық шаралар жүргізіліп, бұл ұсыныс қалалық сессиядан кейін облыстық әкімдікке жолданған. Осылайша Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елімізде тағы бір ауданның атауы қазақшаланбақ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.