Бесеуі де әлемдік бренд
Қазақстанда БАҚ беттерінде және интернет кеңістігіндегі жарнама берушілердің рейтингісі жарияланып тұрады. Соңғы деректер 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығын қамтыған. Өтіп кеткен жылдың қаңтар-маусым айларында жарнама нарығындағы (ТД, радио, пресса, сыртқы жарнама, интернет) көшбасшыларды анықтау үшін 42 бұқаралық ақпараттық құралында шыққан өнімдер сарапталған. Бұл туралы TNS Central Asia жазады.
Негізгі жарнама таратушылар қатарында кімдер бар?
Телеарнадардан: Евразия арнасы, 31 канал, КТК, НТК, МИР, ОҢ-TV, Жетінші арна, СТВ, ТВ-сеть TVMA, Той Думан, Almaty TV, Astana TV, Atameken Business, Balapan, Muzzone, Gakku, Hit TV, Qazaqstan, Qazsport,
Радиолардан: Авторадио, Бизнес FM, Дорожное радио, Қазақ радиосы, Жұлдыз FM, Ретро радиосы, Шалкар радиосы, Русское радио, Тенгри FM, Europa Plus радиосы, Радио NS радиосы, Dala FM, Gakku FM, Love Radio
Ақпараттық агенттіктер мен порталдардан:
365info.kz
Allphones.kz
Caravan.kz
Comode.kz
Forbes.kz
Gismeteo.kz
Informburo.kz
Kapital.kz
Kolesa.kz
Krisha.kz
Ktk.kz
Nur.kz
Olx.kz
Tengrinews.kz
Жарнама беру төмендеген
Жарнама беруден түскен табыстың көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2019 жылы 7,9% төмендеген. Өткен жылы жарнамадан келген пайданың үлесі сәуір-маусым айларында 57,0% болған. Бұл алғашқы жарты жылдықтағы ең жоғарғы көрсеткіш.
БАҚ беттеріне жарнама берушілер саны 2019 жылы қаңтар-маусым айларында 1257 болған. Бұл 2018 жылдың алғашқы жарты жалдығымен салыстырғанда 13,5% төмен. Оның ішінде телеарналардағы үлесі 13.1%, радиода 14.7%, ал сыртқы жарнамада 17.4%-ға азайған деп жазады TNS Central Asia.
Нарықтағы ТОП-50 жарнама беруші
Доңыз жылының алғашқы алты айындағы көрсеткіштерге үңілгенде, нарықтағы барлық жаранаманың үлесі 50 ірі жарнама берушілерге тиеселі. Олар осы саладан түсетін табыстың 78,5%-ын береді. Сонымен 2019 жылғы көшбасшы Coca-Cola компаниясы екені белгілі болды. Оның өкшесін Unilever и Nestle басса, төртінші және бесінші орындарға PROCTER & GAMBLE компаниясы жайғасқан. Одан кейінгі тізімде IDS Borjomi Georgia, Sopharma Pharmaceuticals, Спортмастер Қазақстан, Burger King, KFC, Байер Казахстан, Olx.kz, Медком-МП, LG Electronics Алматы Қазақстан, Van Melle брендтері тұр.
Интернет кеңістігіндегі ең танымал жарнама берушілер қатарында негізгі 10 компания мыналар: Мечта, Каспи банкі, BI Group, Базис, Технодом, Эксклюзив, Догташ эксклюзив, Астана моторс, Алматы-Вильнюс архиекторс. Оларды сұрыптау кезінде интернет сайттар мен ондағы жарнаманың тұрған мерзімі және баннерлер саны есепке алынған.
2018 және 2019 жылдары әдеттегідей нарықта ең көп жарнамаланған өнімдер парфюмерия, косметика мен гигиеналық бұйымдар және азық түлік. Ал лакогольдік өнімдердің жарнамасы соңғы жылдары біршама азайған. Тұрмыстық заттар мен техникалардың жарнамасы да көшбасшылардың сапында.
Жарнаманы ең көп тарататын БАҚ қайсысы?
Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек 2018 жылдың алғашқы жарты жалдығында да, 2019 жылдың алғашқы 6 айында да ең көп жарнама беріп, пайда тапқан телерналар «үштігіне» Евразия бірінші арнасы, 31 канал және КТК телеарнасы кіреді.
Радиолардан Русское радио, Love Радио және Авторадио, ал қағаз басылымдардан Harper’s Bazaar журналы, L’Officiel Kazakhstan және Время газеті, интернет сайттардан Krisha.kz, Gismeteo.kz, Allphones.kz ең көп жарнама алған
Ришат Асқарбекұлы, Алматы