Қазақстанда екі өңір «қызыл» аймақта тұр
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа жыл қарсаңында ұжымдық мерекелік іс-шараларды өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ең бірінші әр облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, онда қоғамдық және тамақтану орындарына, концерт залдарына қанша адам кіруге болатыны көрсетіледі. Бұл мәселені сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері белгілейді. Рұқсат берілген жағдайда қоғамдық орын қанша адамға арналғаны назарға алынуы тиіс. Ал ең маңыздысы – өңірдің эпидемиологиялық қай жағдайда екені. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», - деді А. Цой.
Айта кетейік, қазір еліміздегі эпидемиологиялық ахуал мынандай: