Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көрді

Автор: Azattyq Rýhy

Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша түрлі салада қызмет көрсетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан ашылған Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент қызмет көрсету залын аралап көріп, орталықтың күнделікті атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Мемлекет басшысына мекеменің республика бойынша әзірге жалғыз әлеуметтік орын екені және осы тәжірибені ел көлемінде қолданысқа енгізу қарастырылып жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Бұл мекеме халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, тұрмыстық мәселелерімен жүгінген азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша түрлі салада қызмет көрсетеді. Аталған орталыққа тіршілік тауқыметін тартқан, отбасылық келіспеушілік пен қиындықтар көрген азаматтар жүгінетіні ескеріліп, онда адвокат, психолог бөлмелері ашылған. Сондай-ақ мұнда балаларымен келген қонақтарға ыңғайлы болу үшін ойын алаңы да қарастырылған.