$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2021, 23:15
Қоғам

Жезөкшелер притонына «қамқорлық» еткен шекара қызметінің сержанты 4 жылға сотталды

Ол сыбайластарымен бірге сот залында қамауға алынды

Жезөкшелер притонына «қамқорлық» еткен шекара қызметінің сержанты 4 жылға сотталды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе гарнизонының әскери соты ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкері мен оның үш сыбайласына қатысты үкім шығарды. Ол Өзбекстаннан келген жезөкшелер притонына «қамқорлық» еткен, деп хабарлайды АқЖайық басылымы.

Аға сержант Атырау әуежайының авиациялық шекаралық бақылау бөлімінде жұмыс істеген. Былтыр қараша айында Атырауда Өзбекстан азаматшасы жезөкшелер притонын ашып, шекарашы оны өз қамқорлығына алған. Атырау базарларының бірінде зергерлік бұйымдар сататын әйел мен Өзбекстанның екі азаматшасы да притонның «құрылтайшысы» болған.

Жезөкшелерді Өзбекстанның түрлі қаласынан әкелген. Пандемияға байланысты Қазақстанның құрлық шекаралары жабылғанына қарамастан, қыздар шекарадан еш қиындықсыз өткен. Аға сержант оларды жеткізуге көмектесіп қана қоймай, клиенттермен туындаған проблемаларды да реттеген. Бұл үшін притон қожайындары оған тұрақты түрде белгілі бір ақшалай сома төлеп отырған. Притон 2020 жылдың қарашасынан бастап 2021 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеген.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты төртеуін де ҚР ҚК-нің 309-бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша кінәлі деп таныды. ҰҚК ШҚ қызметкері 4 төрт жылға, Өзбекстан азаматшалары 3 жарым жылға, алтын бұйымдарын сатушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары