$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2021, 18:01
Қоғам

Президент: 540 мың отандасымыздың қарыз өтеу мерзімі 90 күннен асып кеткен

Қарыздың жалпы көлемі 354 млрд теңге

Президент: 540 мың отандасымыздың қарыз өтеу мерзімі 90 күннен асып кеткен
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің отырысында банктердің кепіл саясатын жетілдіру және бағалау қызметін реттеу мәселесіне арнайы тоқталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ол қыркүйек айында Алматыда үйден мәжбүрлеп шығару кезінде қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаға тоқталып, мұны ақтауға болмайтын қылмыс деп атады.

«Ешкімнің заңсыз әрекетпен мәселе шешуіне рұқсат етілмейді. Бұл қайғылы оқиға қарыз алушылардың өз міндеттемелерін орындамауы, банктердің кепілге қойылған жылжымайтын мүліктерді алып қою, сату және тиісті бағалау тетіктерінің шикілігі мәселені жүйелі шешу қажет екенін көрсетті. Бүгінде 540 мың отандасымыздың қарызын өтеу мерзімі 90 күннен асқан, жалпы сомасы 354 миллиард теңге болатын берешегі бар. Қаржы секторына зиян келтірмей, борышкерлерді қолдау үшін тиімді шаралар қабылдау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

Серіктес жаңалықтары