Қазақстандықтар арақ ішуді азайтқан

Автор: Azattyq Rýhy

Бір жылда алкоголь өнімдерін сату бірден 22% қысқарған. Бұл тұтыну қабілетінің төмендеуі немесе көлеңкелі бизнестің белең алғанын білдіруі мүмкін деп хабарлайды Finprom.kz.

Көлеңкелі нарық 20-50% болса, жылына акциздар бойынша түсім 17 ден 68 млрд теңгеге дейін азаюы мүмкін.

Соңғы 7 айда акциз бойынша түсім 188,1 млрд теңгені құрады. Ол былтырғыдан 11% көп. Жалпы салықтық түсімдер ішінде акциздер үлесі 4,1%-дан 3,9% азайды. Атап өту керек, салықтық түсімдер мемлекеттік бюджет кірісі үшін аса маңызды. Қаңтар-шілде айларында мемлекеттік қазынадағы салық үлесі 67,8% құрады.

Алкоголь өнімдері акциздерінен 39,7 млрд. тг түсті. Былтыр ол 42,8 млрд тг болған. Өндіріс барлық тарапта қысқарған. Қазақстандық өнім (минус 4,3%), ЕАЭО –тан импорт (минус 16,9%), Одақтан тыс елдер (минус 11,7%) өнімі.

Теориялық тұрғыда акциздер бойынша түсім өндірстің қысқаруы және тұтынудың азаюымен сәйкес келіп тұр. Ресми мәлімет бойынша бірінші жарты жылдықта арақ-шарап өндірісі 14,2 млн литр былтырғыдан 23,7% аз. Тұтыну да 22,2 % 18,1 млн литрға азайған.

Бұл уақытта шарапты тұтыну көрсеткіші сол күйі қалып отыр. Жарты жылда 19 млн литр сатылған. Ал өндіріс 13 млн литр. Былтыр 12,7 млн литр болған.

Ал қай аймақтар бойынша тұтынуға келсек алкогольдік ішімдіктерді ең көп сатып алатын Қарағанды облысы. Ол аз ішетін ОҚО-дан 7 есе көп тұтынады.  Дегенмен бұл сандар облыста маскүнемдер көп дегенді білдірмесе керек. Тек Қарағанды облысында сауда-саттық қатаң қадағаланады және статистика ашық көрсетіледі.