Көмір үшін талас: Алматы облысында әйел күтпеген әрекетке барды

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғындардың мұндай әрекетке баруына өңірдегі көмір тапшылығы себеп

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысына қарасты Кербұлақ ауданында тұрғындардың бірі көмір алу үшін жүк тиегіштің шөмішіне мініп алған. Әйелдің бұл видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Ал желі қолданушылары өңірде көмір тапшы екенін жарыса жазуда.

"Бұл жерлерде газ жоқ, адамдар көмір жағады. Қазір көмір де жоқ, бар болса да өте қымбат: тоннасы 25 мың теңге", - деп жазды Тәңірберген Бердоңғар Instagram-дағы парақшасында.