Қаланың үш нүктесінен көтерілген отшашуды тұрғындар 7 минут бойы тамашалаған
Жаңа 2020 жылдың алғашқы минуттарында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында шашылған мерекелік отшашу тұрғындарды таңдай қақтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00 болғанда қаланың үш нүктесінен көтерілген отшашуды тұрғындар 7 минут бойы тамашалаған.
Отшашу биіктігі 210 метрді құраса, ені 250 метрге жеткен.
Ботаникалық бақтан, Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы саябақтан және Есіл өзені жағалауынан көтерілген отшашулардың әрқайсысы 3500-4000 реттен атылған.
Айта кетсек, отшашуға қаржы қала әкімдігінің бюджетінен емес, демеушілердің қалтасынан шығарылған.