Ол үш адамнан 1,2 млн теңге алған
"Атырау қалалық полиция басқармасына 22, 27 және 35 жастағы жергілікті үш тұрғын арызданды. Олар 37 жастағы азаматтың жоғары оқу орнына ақысыз түсіруге уәде бергенін айтқан. Күдікті алаяқтық жолмен жәбірленушілердің бірінен 600 мың, екіншісінен 292 мың, ал үшіншісінен 350 мың теңге алған. Алайда осы кезге дейін уәде етілген оқуға түсірмеген, не алған ақшаны кері қайтармаған. Жәбірленушілер алаяққа алданғанын біліп, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікке ілінген алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.