Білім министрлігі «Кальмар ойыны» сериалына қатысты пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған сериал бүкіл әлемде кең танымалдыққа ие болды

Білім және ғылым министрлігі «Кальмар ойыны» сериалын көруге жас шектеуі барын, сондықтан оны кәмелетке толмаған балаларға көрсетпеу керегі туралы айтты.

Вице-министр Шолпан Каринова әлемде кең танымалдыққа ие болған «Кальмар ойыны» сериалын көру балалар психикасына қалай әсер ететіні туралы айтты.

«Фильмнің белгілі бір шегі бар, ол 18 жастан асқан ересектердің көруіне арналған. Сондықтан, ең алдымен, ата-аналар осы фактіге назар аударуы керек. Балалар психикасы енді қалыптасып келеді, сондықтан кез-келген ақпаратты мектепте де, ата-аналар да бақылауда ұстауы тиіс», - деді вице-министр.