Елімізде 250 мыңға тарта оқушы үш ауысымда оқуға мәжбүр

Автор: Azattyq Rýhy

 Бұл жалпы оқушылардың екі пайызын құрайды

Фото ашық дереккөзден

Талап бойынша қазір бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы тиіс, деп хабарлайды КТК арнасы. «Бүгінгі күнгі нормативке сай, әр сыныпта 25 оқушы болуға тиіс. 25-тен артық болса – бұзушылық. Оқушы сыймайтын мектеп болса, ол жерде әр мектептің шешімімен кейбір пән, кейбір сағат онлайн форматқа ауыстырылады», – дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оқушылары сыймай жатқан білім ордалары, әсіресе Маңғыстау облысы мен Алматы және Шымкент қалаларында көп. Жауапты министрлік өкілдері үш ауысымды мектеп мәселесін жою үшін құрылыс қарқынын күшейтіп жатқанын айтады.