Тіпті, желі қолданушылары киелі шаһардың атауын «Нұрлы қала» деп өзгертуі мүмкін деп жазды
Әлеуметтік желіде тараған мұндай ақпаратты кімнің жариялағаны әзірге белгісіз. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасап, ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желіде "Түркістан облысының әкімі Түркістан қаласының атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтты" деген жалған ақпарат тарап жатыр. Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз!», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, әкімдік жалған ақпарат таратушылардың әрекеті қараусыз қалмайтынын, олардың заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.