Қызылорда облысында экстремистік ұйымның белсендісі ұсталды
Ол елде тыйым салынған діни экстремистік ұйымды насихаттаған

Қызылордалық азамат тыйым салынған ұйымның шарттары мен дәстүрлерін ұстанып, алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылған ақпараттарды насихаттаумен айналысқан.
Күдіктіні облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері анықтады. 48 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны "Таблиғи жамағат" діни экстремистік ұйымының жақтасы болып шықты.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында азамат Д-ның іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері байқалғандықтан, оған қатысты іс қозғалып, сот»қа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қалалық сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылып, пробациялық бақылауға алынды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 405-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметін ұйымдастыру) іс қозғалған.