Белгілі мультфильм бала психикасы үшін қауіпті деп танылды
Бұл туралы Бала тәрбиесі бойынша кеңесші Софи Гайлс айтты
The Sun сайтының жазуынша, бұл анимациялық фильмде балалар әкесімен өктем үнмен сөйлеседі. Ал мұны көрген кішкентай балалар бұлай сөйлеу дұрыс деп санап, ата-анасымен дәл осылай қарым-қатынас жасауы мүмкін.
"Мультфильмде әкесін үнемі келеке етеді, себебі бәрі оны ақымақ санайды. Ол бұл жағдайға күледі, бірақ бұл - ересек адам үшін жағымсыз жағдай. Сонымен қатар, ата-аналар баласы қалаған нәрсені жасайды, бұл өмірдегі шынайы көрініске ұқсамайды. Балалардан бірнәрсе сұраған сайын күйгелек болады. Балаңыздың мұндай мінез-құлық танытқанын қаламайтын шығарсыз", - дейді Софи Гайлс.
Бала тәрбиесі бойынша кеңесші сынға алған мультфильмдер қатарында «Құтқарушы күшіктер», «Кішкентай ханшайым» және «Өрт сөндіруші Сэм» туындылары бар.