$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.10.2021, 10:36
Қоғам

Қаржының жоқтығынан көлік тонаған

Елорда полициясы 25 жастағы азаматты қолға түсірді

Қаржының жоқтығынан көлік тонаған
Фото ашық дереккөзден

Бейнебақылау камераларына жас жігіттің «Лада-2114» автокөлік салонына жасырын кірігені жазылып қалған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ол автокөлікке ашық тұрған жүк салғышы арқылы кіріп, ақша ұрлаған. Күдікті қол шамының жарығымен автокөліктің салонын мұқият тінтіп, қобдишадан 150 мың теңгені жымқырған. 25 жастағы азаматтың айтуынша,оны қылмысқа итермелеген жоқшылық.

Күдіктінің ізі бейнебақылау камералары арқылы қадағаланып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ұрысы ұсталған. Белгілі болғандай күдікті ұрланған ақшаны жаратып үлгерген. Аталған факті бойынша ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары