Елордада кәсіпкерлік нысандардың карантин талаптарын сақтау жағдайын қадағалау жалғасуда
Мониторингтік топ мүшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 қазан күні 9 елордалық мекеме карантин талаптарын бұзған. Олардың қатарында Алматы ауданында орналасқан «Лапша» мейрамханасы, «Киш миш», «Gentles» кафелері, «Мармелад» лаундж-бары бар. Сарыарқа ауданында орналасқан «Барвиха» лаундж-барында, «Oina» ойын клубында, «Рыба моей мечты» караокесінде де карантин шаралары бұзылды. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар тізіміне Есіл ауданындағы «Garage» мейрамханалық кешені мен «Inforno» рестобары енді.