Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық
Қазақстанның автонарығында Ресейде құрастырылатын көліктер азаюда. Бұл туралы ресейлік Газета.Ru жазды.
«ҚазАвтоПром» ассоциациясының басқарма төрағасы Артур Мискарянның айтуынша, Ресейден жаңа көліктерді жеткізудегі мәселе бюджеттік сегментке байланысты туындап отыр.
«Егер бұрын Lada көліктері автонарықтың 20 пайызын қамтып, сатылым бойынша көш бастаса, соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстанда құрастырылатын Chevrolet бірінші орынға шықты», – дейді Артур Мискарян.