$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2021, 15:51
Қоғам

Тоқаев ТМД елдері арасында вакцина паспортын мойындау процесін жеделдетуді ұсынды

Қазақстан өзге елдерге вакцина тасымалдауға қауқарлы

Тоқаев ТМД елдері арасында вакцина паспортын мойындау процесін жеделдетуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасында вакцинация паспортын ресми түрде қолдану процесін жеделдетуді ұсынды. Бұл туралы ол ТМД елдері басшылары кеңесінің отырсында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент әлемді жайлаған індетпен күресте вакцинацияның маңыздылығын ескере келе, бүгінде еліміз бұл бағытта КВИ-ге қарсы вакцина шығару бойынша тиімді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның өзге елдерге де вакцина тасымалдауына қауқарлы екені айтылды.

«Қазақстан өзара тығыз ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және мүмкіндік болған жағдайда өз вакциналарын жеткізуге дайын. Сондай-ақ ТМД кеңістігінде вакцинация паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын. Бұл өзара сенім мен ынтымақтастық жолында маңызды рөл атқарады. Осындай шешімді қабылдай отырып, біз азаматтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары