$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2021, 16:32
Қоғам

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның 100 пайыз акциясы кімнің иелігіне өтті?

Газ және газбен жабдықтау саласындағы толыққанды ұлттық операторға айналады

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның 100 пайыз акциясы кімнің иелігіне өтті?
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы Үкіметтің қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған құжатта «ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ дербес портфельдік компаниясына айналғаны туралы жазылған.

«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы газды тасымалдап қана қоймай, сонымен бірге газ және газбен жабдықтау саласындағы толыққанды ұлттық операторға айналады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Осы мәселеге байланысты «ҚазТрансГаз» компаниясының баспасөз қызметіне хабарласқан едік, әзірге ешқандай мәлімдеме жасамайтындарын айтты.

Айта кетерлігі, өткен жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» қорының басқарушылар кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансГазды» «ҚазМұнайГаздан» «Самұрық-Қазына» қорына өткізуге назар аударған.

Серіктес жаңалықтары