Fokker компаниясы техникалық қолдау ретінде Қазақстанға шағын топты жіберетінін мәлімдеді
Голландиялық Fokker компаниясы Bek Air ұшағы апатының себебін анықтау үшін Алматыға сарапшылар жібереді. Бұл туралы GKN британдық холдингінің құрамына кіретін Fokker компаниясының ресми өкілі мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
«Стандартты хаттамаға сәйкес, біз техникалық қолдау ретінде Қазақстанға шағын топты жібереміз», - деді ресми өкіл.
Дегенмен, Fokker өкілі сарапшылар оқиға орнына қашан және қандай құраммен баратынын нақты айтқан жоқ.