Іс-шараға белгілі білім саласының мамандары, отбасы эксперттері қатысады
Бала тәрбиесінде әкелердің орыны айырықша екені даусыз. Бүгінгі қоғам өркениетке қадам басқан сайын бала болашағына қамқор әкенің орыны жайлы талай мінберден айтылып та келеді. Осыған орай дәстүрлі түрде өтетін «Әке жолы - ізгі жол» атты республикалық Әкелер апталығы басталды.
Бұл ауқымды шара тал бесіктен бастап үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне әкелердің қосар үлесін тағы бір нығайтуды мақсат тұтады. Іс-шараға белгілі білім саласының мамандары, отбасы эксперттері және басқа да айтары бар қоғам қайраткерлері қатысып, ой бөліспек. Апталық онлайн және офлайн форматта өтеді.
Өтетін уақыты: 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығы.
Ұйымдастырушылар:
Өткізілу тәртібі:
1 күн - 27.09.2021ж., 15:00-17:00, Нұр-Сұлтан қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9, «Достық үйі» - Ашылу салтанаты (қатысушылар офлайн, тыңдаушылар онлайн форматта). Ашылу салтанатына қатысушылар:
2 күн - 28.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.) - тренингтер;
3 күн - 29.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.) - Үлгі әкелер кеңесі презентациялары;
4 күн - 30.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, zoom). - Әкелер арасында интеллектуалдық сайыстар;
5 күн - 01.10.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы. - Жабылу салтанаты. (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.)
Байланыс телефоны: +77079514748 Нуртазина Еркежан Нуржановна