Меркі ауданында 12 жастағы мектеп оқушысының зорлағанғаны жайлы ақпарат тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Дереккөзде күдіктінің әлі ұсталмағаны жайлы айтылған

көрнекі фото

Жамбыл облысына қарасты Меркі ауданында 35 жастағы ер адам 12 жастағы қызды зорлаған. Taraznews.kz таратқан ақпаратқа сенсек, күдікті мектеп оқушысымен әлеуметтік желісінде танысқан. Дереккөзде бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны, күдіктіге іздеу жарияланғаны айтылған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі облыстық балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны жүгінгені туралы хабарлама түскендігін растады.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Аталған дерекке қатысты Меркі аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді», - делінген облыстық ПД жауабында.