Сот қаулысын орындау барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты
Бүгін сағат 17:00 шамасында Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. «Жер үйді босату туралы» сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің 1967 жылғы тұрғын сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне қарсы оқ атты.
Бес адам, оның ішінде қызметтік міндетін орындау кезінде болған екі полиция қызметкері атыс жарақатын алып, қайтыс болды.
Көп ұзамай полицейлер күдіктіні ұстап, жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.
Қаза тапқан полиция қызметкерлері:
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған.
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған.