ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

«Халық» ҚҚ әлеуметтік идеялар байқауын жариялады

Байқау еріктілерге арналған

Қазақстан Республикасында қайырымдылық және өзара көмек мәдениетін дамыту қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің маңызды компоненті болып табылады. «Халық» Қоры өзінің қайырымдылық акцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдағы оң өзгерістерге қол жеткізуге тырысады. Осы істерді асыруға қайырымдылық бастамаларын қолдайтын және біздің қоғамға таптырмас пайда әкелетін еріктілер Қорға көмек көрсетеді. Еріктілер көмекке мұқтаж адамдармен керемет жұмыс жасап қана қоймай, олардың барлық ұмтылыстары мен қажеттіліктерін біле отырып, әлеуметтік жобалар үшін ең жақсы идеяларды ұсына алады. Осының салдарында «Халық» Қайырымдылық Қоры «HALYQ ҮМІТІ» әлеуметтік идеялар байқауын құру туралы шешім қабылдады. Бұл байқау қатысушыларға өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге, алдыға өршіл мақсаттар қоюға, жақсылыққа үміт ұялатуға және өз мүмкіндіктеріне сенімділік беруге мүмкіндік береді!

Байқау шеңберінде халықтың аз қорғалған тобына әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған идеялар, қоғамның белгілі мәселелерін шешуге, оны өзгертуге арналған жобалар және отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жобалар, сондай-ақ Қазақстандағы еріктілер қозғалысының дамуына өз үлесін қосатын жобалар қарастырылады.

«Еріктілердің қайырымдылығының, ынта-ықыласының және жанкешті жұмысының арқасында «Халық» Қоры 2020 және 2021 жылдары өзінің ауқымды қайырымдылық акцияларын іске асыра алды. Еріктілердің шынайы қамқорлығы мен көмекке мұқтаж адамдармен тығыз байланысы оларға әлеуметтік жобаларының өзекті идеяларын құруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. «HALYQ ҮМІТІ» - бұл біздің әлеуметтік белсенділікті көтеру тәсілі мен әлеуметтік еріктілерге эмоционалды және қаржылық қолдау көрсету әдісі!» - деп хабарланады «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Динара Кулибаеваның жолдамасында.

Байқауға қатысушы болу үшін Сізге «HALYQ ҮМІТІ» ережесімен танысып, ресми сайтқа: halyqumiti.kz тіркеліп, барлық қажетті құжаттарды тіркеп, салуыңыз қажет. Байқауға қатысуға өтініштерді қабылдау 10 қыркүйектен басталады және 30 қазанға дейін жалғасады.