Қазақстанда коронавирус жұқтырған 346 науқастың жағдайы өте ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (–76 339 + және 7 923 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: