09.09.2021, 10:25
Қоғам
Қазақстанда екпе салдырған 20 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған
Елімізде коронавирусты қайта жұқтырғандардың қатары 23 мың адам
Фото: ашық дереккөзден
ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова 1 ақпаннан бастап Қазақстанда екпе алған 20 211 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
Елімізде коронавирусты қайта жұқтырғандардың қатары 23 мың адамды құраса, олардың 99,9% вакцина алмағандар екен. Ал, екпе алғандар арасында ауырғандардың үлесі – 0,1% (20 211 адам).
Коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар арасында 7 070 адам (0,1%) вирус жұқтырған. Ал, коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонентінін алғаннан кейін 13 141 адам ауырған.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды