Чатта жалған ақпарат таратып, алаңға шығуға мәжбүр етті – астана тұрғыны

Автор: Azattyq Rýhy

А.Көлгінов қабылдауға келгендерге нақты ақпаратты тек мемлекеттік органдардан және "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо

Әкімнің азаматтарды жеке қабылдауы барысында әйел адамдар мессенджерде бірнеше чаттарда бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, чаттағы админ желі қолданушыларына тұрғын үйге кезекте тұру туралы жалған ақпарат таратқан.

"Чатта егер біз алаңға шықпасақ, бізді топтан шығаратындарын және бұдан былай еш тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайтындығымыз туралы, кезекке сәйкес пәтер берілмейтіндігі туралы да айтылды. Сол күні балам ауырып, алаңға шықпадым. Алаңға шықпағаныма қуанамын. Олар бізді пайдалана отырып, өз мәселелерін заңсыз жолмен шешкісі келді. Содан кейін админ чаттан шығып кетті. Қазір мессенджерлерде таратылатын ақпаратқа сенбейміз, барлық ақпаратты дұрыстап тексереміз. Өйткені ешкім кезектен тыс баспана ала алмайды", - деді қала тұрғыны. 

Қабылдауға келгендерге нақты ақпаратты тек мемлекеттік органдардан және "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында алуға болатыны айтылды. Айта кетсек, азаматтарды қабылдау жүйелі түрде аудандық әкімдіктерде және "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша 70-тен аса мемлекеттік қызмет көрсетіледі.