Онлайн санақ: Түркістан мен Атырау облыстары көш соңында
Бір тәулікте 150 мыңнан аса адам онлайн санақтан өткен
7 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 453 556 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 394 933-і sanaq.gov.kz сайтында, 46 492 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 12 131 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.
Алғашқы алты күннің қорытындысымен мегаполистер алда. 65 736 астаналық санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 64 537 адам Алматыда тіркелген. Үздік үштікке Шымкент қаласы енді, мұнда 51 386 адам санақ сауалдарына жауап берді.
Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Түркістан және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 5713 және 4124 адам санақтан өтіпті.
Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.