Жаңа қаулы: жатақхана мен интернатта тұрудың тәртібі бекітілді
Жатақхана мен интернаттарда сақталуы керек шаралар бекітілді

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жатақхана мен интернатта тұрудың тәртібі бекітілді.
«Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында тұру санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жобалық қуатқа сәйкес жүзеге асырылады», - деп жазылған құжатта.
Бас санитардың қаулысы бойынша, жатқхана мен интернаттарда мындай сақтық шаралары сақталуы керек:
Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады. Үй-жайлардың санитариялық өңделуіне және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.
- Интернаттар мен жатақханаларда бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
- Интернаттың, жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды қосымша құю үшін дезинфекциялау ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
- Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинге оқшауланған уақытта дүкендер мен дәріханаларға шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын жерлерге немесе өзге де орындарға шығуына жол берілмейді.
- Білім беру ұйымы жатақханадан шыққаннан кейін оралған білім алушының денсаулық жағдайына оралған күнінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мониторинг жүргізеді.
Интернаттарда, жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
- 1) білім алушылардың дене температурасының жоғарылауы немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның өзге де белгілері жағдайлары журналда тіркеледі;
- 2) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар білім берушілерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.