Жалпы салмағы 6 келі 680 грамм марихуана тәркіленді
Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Әйгерім» ықшам ауданында тұратын 76 жастағы тұрғын немересімен бірге үйінде «канопля» және «марихуана» есірткілерін заңсыз өсірген.
Г.есімді әйелдің тұрғылықты жерін жедел-іздестіру барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 6 келі 680 грамм.
Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғановтың айтуынша, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.