$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2021, 12:07
Қоғам

ҰБТ-да Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа біреу кірген – заңгер

Сатириктің қызы елордадағы үздік мектептердің бірін «Алтын белгімен» бітірген дейді ол

ҰБТ-да Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа біреу кірген – заңгер
Inform.kz

Танымал заңгер Абзал Құспанның мәліметінше, сатирик Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кірген. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды.

А.Құспан аталған ақпаратты сенімді дереккөзден алғанын айтып отыр. Тіпті, қылмыстық іс те қозғалыпты.

«13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр», - делінген заңгердің парақшасындағы жазбада.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Серіктес жаңалықтары