Ол әйелдерді аңдып, пышақпен қорқытып, зорлаған
Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Баум тоғайында бірнеше рет зорлық-зомбылық қылмысын жасаған ер адамның фотосуретін жариялап, бұл азаматқа қатысты осындай қылмыстың төрт фактісі дәлелденгенін хабарлады.
Ведомство өкілі ер азаматтың ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-тармағы 4-тармақшасы «Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотталғанын мәлімдеді.
1991 жылы дүниеге келген Айдарханов тоғайдың адам көп жүре бермейтін учаскелерінде әйелдерді аңдып, пышақпен қорқытып, зорлаған.