Былтыр оны 13 245 оқушы алса, биыл 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр
Елордада жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы аясында материалдық көмек көрсету шаралары басталды, деп хабарланды әкімдіктің ресми сайтында.
Материалдық көмектің мөлшері – 40 мың теңге. Былтыр оны 13 245 оқушы алса, биыл 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр. Көмек алатын балалардың нақты санаттары да айқындалған.
Олар:
Мысалы былтыр бағдарламаға 16 компания және 27 сауда орны қатысса, биыл 18 компания және 30 сауда орнында тауар сатып алуға мүмкіндік бар. Ал әлеуметтік бірліктердің қозғалысын алушылар, әлеуметтік педагогтер, кәсіпкерлер және бағдарлама әкімшілері жеке кабинет арқылы қадағалайды.
Қазіргі уақытта мектептер балалардың мәліметтерін автоматтандырылған жүйеге енгізу жұмыстарын атқарып жатыр. Өтініш беру үшін ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінуге тиіс. Мектептің алқалы органы өтінішті 15 күннің ішінде қарайды. Бағдарлама 31 қазанда аяқталады.
Сондай-ақ қала әкімдігі «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында да оқушыларға көмек көрсетілетінін еске салады. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері 3 648 оқушы көмек алған. Олардың санын 7 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
Акция аясында көмек алу үшін «Менің Атамекенім» порталының «Мектепке жол» парақшасында өтініш қалдыру қажет.
Бұдан бөлек, биыл аудандық әкімдіктер 2 100 балаға керек-жарақтары бар мектеп рюкзактарын табыстайды.