Қарағанды облысында мектеп оқулықтарын қайта басып шығаруға 1,7 млрд теңге бөлінді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқулықтарды тасымалдау жұмысы 25 тамызда аяқталады

көрнекі фото

Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларды 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша нендей жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, бірінші кезекте 2-11 сынып оқушыларына мектеп қорындағы оқулықтар таратылды.

Сондай-ақ, биыл 1-сынып оқушылары үшін қайта басып шығарылатын жаңа оқулықтарға және 2-11 сыныптар үшін тозған оқулықтарды алмастыруға қосымша тапсырыс берілді. Ол үшін 16 баспамен 1 млрд 766 млн теңгеге шартқа отырып, облыс бойынша 5 тасымалдаушы анықталған.

Оқулықтардың алды 30 шілдеде облысқа жеткізілген. 5 тамызда екінші партиясын қабылдап алған. Оқулықтарды тасымалдау 25 тамызда аяқтауды жоспарланып отыр.