«Біз Кеңес одағының отары емеспіз»: Павлодар тұрғыны мүлдем қазақша қызмет көрсетпейтін дәмханаға шағымданды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнына полиция келген

Павлодарда жергілікті тұрғын Диас Құзаиров қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан дәмхананың жұмысшыларына шара қолдануды сұрады. Белсенді азамат полиция шақырып, тәртіп сақшысы даяшыларға түсіндіру жұмысын жүргізген.

Диас Құзаиров болған жайтты видеокамераға түсіріп, роликті YouTube видеопорталына жүктеген. Видеода даяшылар мен дәмхана әкімшісінің қазақша сөйлеуден бас тартқаны анық көрінеді. Сондай-ақ, белсенді азамат дәмханадағы ас мәзірінің де тек орыс тілінде жазылғанына наразы.

«30 жылдан бері бәрі мемлекеттік тілді үйренсін деп біз орысша сөйлеп келдік. Уақыты келді, міне Тәуелсіздікке 30 жыл. Біз енді Кеңес Одағының отары емеспіз. Біз қызмет түрлерін қазақ тілінде алғымыз келеді», - дейді қоғам белсендісі.

Айта кетейік, Диас Құзаиров бұған дейін де Павлодарда қазақ тілінде қызмет көрсетпейтін дәмханалардың видеосын жариялап келген.