Қостанайда пәтеріне 100-ден аса адамды тіркеген тұрғын анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қала тұрғыны хабарландыру беру арқылы қалың жұртты өз мекенжайына тіркеп, әрқайсысынан 5 мың теңгеге дейін ақша алып келген екен

Қостанайда Көші-қон қызметі басқармасының мамандары екі бөлмелі пәтеріне 107 адамды тіркеп, жеңіл ақша тауып келген азаматты анықтап, оған айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құзырлы орын өкілдерінің айтуынша, қала тұрғыны хабарландыру беру арқылы қалың жұртты өз мекенжайына тіркеп, әрқайсысынан 5 мың теңгеге дейін ақша алып келген екен. Өткен жылы 70 адамды тіркеген үй иесі былтыр да әкімшілік жауапкершіліке тартылған. Алайда, оңай олжаны көздеген қостанайлық көлеңкелі қызметін жалғастыруын қоймаған. Тіпті, жыл басынан бері жүзден астам адамды үйіне тіркеп үлгерген. Бұл жолы оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Заңға сәйкес, үй иесі мекенжайына ондаған адамды ғана тіркеуіне болады. Онда да, тіркелген адамдардың барлығы сол жерде тұруы тиіс. Егер тұрмайтын болса, пәтер иесі жауапкершілікке тартылады дейді полицейлер.

«Өткен жылы біз оны жауапкершілікке тартқанбыз. Алайда, ол өз қызметін жалғастыра берген. Адамдарды өз мекенжайына тіркеп, сол үшін ақша алып отырған», – деді Қостанай облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Қайрат ДҮТПАЕВ.
 

Дереккөз: Астана-ТВ