24-25 шілдеде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.
Сенбі және жексенбі, 24-25 шілде күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды», - деп хабарланды CTS баспасөз қызметінен.
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасы немесе QR-код сканерлеу арқылы.