ҚТЖ өз қызметкерлеріне кең ауқымды жеңілдіктерді қамтитын әлеуметтік пакетті әрқашан ұсынып келеді
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудың арнайы бағдарламасын іске қосады деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында біз үшін қызметкерлердің еңбек жағдайларының тиісті деңгейін қамтамасыз ету маңызды мәселе», - деді Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бүгін өткен кеңейтілген кеңесте.
«ҚТЖ» АҚ әрқашан өз қызметкерлеріне кең ауқымды жеңілдіктерді қамтитын әлеуметтік пакет ұсынып келеді. Осы мақсатқа арналған бюджет жыл сайын ұлғайып отыр.
Қызметкерлердің құқығын қорғау, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, басқа да әлеуметтік кепілдіктер ұжымдық келісімшартпен бекітілген. Бүгінгі кеңейтілген кеңесте айтылғандай, қызметкерлерге уақытылы қосымша ақылар мен үстемеақыларға, сапалы арнайы киіммен қамтамасыз етуге, қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аудару қажет.