Денсаулық сақтау министрлігі мұндай мәліметтерге сенбеуге шақырды
Қазақстандық танымал Telegram-чаттардың бірінің қатысушылары елімізде өлі адамдардың COVID-19-ға қарсы егілетіні туралы хабарлама таратуда. Олардың айтуынша, бұл процедура міндетті болып табылады және марқұмның туыстары ол үшін төлеуге міндетті. Бірақ, бұл ақпарат жалған деп хабарлады Stopfake порталы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болғандарды COVID-19-ға қарсы міндетті ақылы вакцинациялау туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Қайтыс болғандарды вакцинациялау туралы ресми түрде мәлімдеме болған жоқ. Бұл процедура мүлдем мағынасыз.
Демек, Қазақстанда ақша талап етіп, марқұмдарға екпе салынатыны туралы қауесет ойдан шығарылған және расталмайды.