$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2021, 16:40
Қоғам

Әкімдердің жартысы коронавирус бойынша емтиханды «үшке» тапсырды – Президент

Тоқаев елімізде вакциналау жұмысының ойдағыдай жүргізілмегенін айтты

Әкімдердің жартысы коронавирус бойынша емтиханды «үшке» тапсырды – Президент
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда иммундау курсын 2,8 миллионға жуық адам аяқтады. Алайда, өңірлер бөлінісіндегі жақсы динамикаға қарамастан, жағдай мәз емес деп есептейді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы «үштікке» тапсырды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте.

Президенттің пікірінше, вакциналау аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл қалыптастыру керек.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы вакцинация паспорттарын заңсыз жасағандар қатаң жазаланатынын айтты.

«Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр», - деп атап өтті ол.

Бұл мәселені реттеу үшін ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құру тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары