ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Ер адам COVID-19 жұқтырған әйелін аяусыз ұрып, көшеге қуып шықты

Оқиға Қызылорда қаласында болған

Ашуға булыққан Қызылорда тұрғыны өз әйелін анасының, қарындасының және 4 жасар қызының көзінше ұрған деп хабарлайды «Не молчи» қоғамдық қозғалысының өкілдері. Келіншек коронавируспен ауырып жатқанына қарамастан күйеуі оны далаға қуып шыққан.

Көшеде қалған әйел 4 жасар қызын құшақтап тентіреп кеткен.

«Күйеуі өзінің анасы және қарындасының көзінше әйелін ұрып-соғып, оны 4 жасар қызымен бірге көшеге тастап кетті. Оқиға түнгі уақытта болды, қыздың анасы жартылай ессіз жағдайда ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қоғамдық қордың таратқан ақпаратына сенсек, әйелде COVID-19 инфекциясы расталған. Вакцина алғанына қарамастан оған ешкімге кіруге рұқсат жоқ.

«4 жасар қыз қазір нағашы әжесінің қолында. Біз осы оқиғаға қатысты шара қолдануды сұраймыз. Агрессия танытқаны үшін жәбір көрген әйелдің күйеуін, қайын енесін және қайын сіңлісін жауапкершілікке тартуды сұраймыз», – делінген Қордың ақпаратында.