$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2021, 17:31
Қоғам

ДСМ ресми өкілі қазақстандықтарды той-томалаққа бармауға шақырды

Елде эпидемиологиялық ахуал нашарлаған

ДСМ ресми өкілі қазақстандықтарды той-томалаққа бармауға шақырды
Informburo.kz

Қазақстандықтар той-томалаққа баруды және үйде өткізілетін отбасылық шараларды шектеуі тиіс. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі ОКҚ-да өткен брифингте азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«2021 жылдың 27 ақпанындағы Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес «жасыл аймақта» орналасқан өңірлерде еске алу шараларын өткізуге рұқсат берілген. Яғни, отыратын орындардың саны 30 пайыздан аспайтын немесе көп дегенде 50 адамды ғана құрайтын еске алу кештерін ғана ұйымдастыруға рұқсат бар. Ал енді отбасылық және бұқаралық шараларды, оның ішінде үйде өткізілетін кештерге өткізуге тыйым салынады. Сол себепті қазақстандықтарды мұндай шараларға қатыспауға және барлық талапты сақтауға шақырамыз», - деді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сонымен қатар, ол күні кеше ғана елімізде ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасы ресми түрде толыққанды тіркелгенін айтты. Қазір аталған екпе түрін елге жеткізу шаралары бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.

«Бұл 1 дозалы вакцина. Аталған вакцинаны кез келген қазақстандықтың салдыруына құқығы бар. Оның тиімділігі 80 пайызды құрайды. Сондай-ақ, бұл вакцинаның айтарлықтай кері әсері жоқ. Мұнда да өзге вакциналарды қабылдағаннан кейінгі дене қызуының көтерілуі, екпе орнының ауыруы, көңіл-күйдің болмауы сынды әсерлері болуы ықтимал», - деді Ержан Байтанаев.

Серіктес жаңалықтары