$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2021, 17:13
Қоғам

Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

Елде коронавирусты жұқтыру қарқыны күн санап артып келеді

Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ
RT

Жыл басталғалы бері қазақстандық полицейлер коронавирусқа қарсы вакцинаның паспортын сату мен ПТР-тест нәтижелерін қолдау жасаудың ондаған дерегін анықтап, 65 қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина паспортын сату деректері тіркеліп жатқанын айтып, мұндай дәрігерлерді қатаң жазалауды тапсырған еді. Сондай-ақ, ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасау жағдайларына да тоқтау салуды міндеттеген.

«Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болды (ҚК 385-бабы 1-бөлігі-23, 2-бөлігі-3, 3-бөлігі-16), оның ішінде 39-ы ағымдағы жылы тіркелген. Вакцинация паспорттарын қолдан жасау фактілері бойынша ағымдағы жылы 23 қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда», - делінген ІІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қолдан жасалған құжаттардың саны және әрбір іс бойынша заңға қайшы әрекеттерге қатысушылардың саны да әр түрлі. Бұлар тергеу нәтижелері бойынша нақтыланатын болады.

Серіктес жаңалықтары